13-15 қыркүйек аралығында Атырау қаласында көз бен қимыл-тірек аппараты зақымданған спортшылар арасында V Республикалық Спартакиада өтеді.
13-15 қыркүйек аралығында Атырау қаласында көз бен қимыл-тірек аппараты зақымданған спортшылар арасында V Республикалық Спартакиада өтеді.
Бүгін кешкісін 40-45 адамнан құралған мүгедек-спортшылардың ШҚО құрама командасы Спартакиадаға аттанды. ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Асқар Можанов өңірімізді бұған дейін әртүрлі спорт түрінен көптеген жеңістерімен қуантқан спортшыларға сәт сапар мен жеңіс тіледі.
Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғауға жол тартқан спортшылар оқпен ату, үстел теннисі, жеңіл атлетика мен пауерлифтинг сынды спорт түрлерінен бақ сынаспақ.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
Реклама