Финляндияда шаңғы жарысынан өтіп жатқан FIS халықаралық жарысында шығысқазақстандық спортшы Иван Люфт классикалық әдіс бойынша 10 шақырымдық спринттік жарыста топ жарды.
Финляндияда шаңғы жарысынан өтіп жатқан FIS халықаралық жарысында шығысқазақстандық спортшы Иван Люфт классикалық әдіс бойынша 10 шақырымдық спринттік жарыста топ жарды.
Жастар арасында 10 шақырымдық классикалық әдіс бойынша барлығы 60 спортшы жарыс жолына шықты. Мәре сызығын алғаш болып кесіп өту үшін өскемендік спортшыға финляндиялық және украиналық шаңғышылар бәсекелестік танытты. Дегенмен, 22:01:0 уақыты И.Люфт үшін жеңіске жетуге жеткілікті болды. Маусым алдындағы бұл жарыстар спортшылардың рейтингтік ұпайларының жоғарылауына жақсы мүмкіндік болып табылады. Айдың соңына дейін Финляндия жерінде тағы да 5 FIS сайысы өтетін болады.
– Бұл жарыстар бір жағынан алда тұрған жастар арасындағы әлем чемпионатына және Олимпиадаға дайындық болып табылады. Бұдан бөлек, осы бәсекелерде классикалық стиль бойынша спринттік жарыстарда бақ сынау жоспарда бар, – деді Иван Люфт.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі
Реклама