ШҚО спортшылары Польшадан жүлдемен оралды

Автор: RomaSport

Өскемендік спортшылар қарашаның 6-8 аралығында Польша жерінде өткен жастар арасындағы Европа кубогінен жүлдемен оралды. Бұл жарысқа облыс атынан екі спортшы қатысты.

Былтыр да аталмыш жарыстан олжалы оралған спортшылар сол үрдісті абыроймен жалғастырды. Атап айтар болсақ, шығыс өңірінің тумасы Мадияр Сембаев өткен жылы Европа кубогінде чемпион атанып қайтқан. Ұлттық құрама сапында қос шығысқазақстандық спортшы өнер көрсетті. 73 кг дейінгі салмақта Қуан Барыс күміс медаль иеленсе, 81 кг салмақта Барақ Арқабай қолаға қол созды. Ал жалпы жарыс қорытындысында, Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға қол жеткізіп, командалық есепте де жақсы нәтиже көрсетті. Бұл дода алдағы айда Хорватия жерінде өтетін әлем чемпионаты алдындағы қорытынды жарыс. Айта кетейік, Шығыс Қазақстандық дзюдошы Мадияр Сембаев, жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыса алмайды. Ал ел құрамасының спортшылары байрақты бәсеке алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап, қараша айында жарысқа аттанады.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

10 октября 2017 13:34
0
Метки