Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының суда жүзуден мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің ашық біріншілігі басталды.
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының суда жүзуден мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің ашық біріншілігі басталды.
Бұл жарыста қыздар және ұлдар жүзудің бірнеше түрлері бойынша мықтыларды анықтайды. Облыстық біріншілікте өскемендік «Чайка», «Дельфин» жүзу орталықтарынан бөлек, Риддер, Семей қалаларынан спортшылар келді. Жарыстың бас төрешісі Юсуп Валиевтың айтуынша, үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қараша айында Шымкент қаласында өтетін Республикалық чемпионатта өңір намысын қорғайтын болады. Айта кетейік, қатысушылар баттерфляй, кроль, 50 м брасс, арқамен жүзу және 4*50 м сынды жүзу түрлері бойынша жарыспақ.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі
Реклама