ШҚО-да дзюдо күресінен облыстық турнир өтті
ШҚО-ның Ұлан ауданында ҚР құрметті спорт қайраткері Қалибек Тохмолдиннің жүлдесіне арналған дзюдо күресінен 2006-2007, 2008 жылдары туылған жасөспірімдер мен қыздар арасында облыстық турнир өтті.
Ұлан ауданда дзюдо күресінің кең етек алуына бұл бапкердің үлесі зор. Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы Марат Айтқазин, Сидней және Атлантада өткен олимпиадаға қатысушы Руслан Сейлханов, жуырда ғана қазақ күресінен VII әлем чемпионатының жеңімпазы Талғат Әміренов сынды апайтөс балуандарды баптап шығарған білікті жаттықтырушы.
Айта кетейік, аталмыш жарыс облыс көлемінде алғаш рет өтті. Облыстық жарысқа жергілікті балуандардан бөлек, Семей, Өскемен қалаларынан және Көкпекті аудандарынан барлығы 180-нен астам спортшы қатысты. Сайыстың құрметті қонағы ретінде ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші, Ұлан ауданы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры М. К. Буденов келіп қатысты. Тартысты өткен бәсеке барысында семейлік спортшылар өз мықтылықтарын байқатып, командалық есепте алға шықты. Ұлан ауданының жас балуандары 2 орынға ие болса, Өскемен қаласының спортшылары 3-ші орынға табан тіреді. Сайыс соңында турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері жүлдегерлері құрметті грамота, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі
16 октября 2017 21:36
0