Семей спорт академиясының тәрбиеленушілері ҚР Чемпионатында жүлделі орындарға ие болған

Автор: RomaSport

 

Атырау қаласында 23 жасқа толмаған спортшылар арасында дзюдодан ҚР Чемпионаты өтті. «Семей» СА-ның тәрбиеленушісі Сарипова Зарина 63 келіде күреске шығып «қола» медальға қол жеткізді.

Қыркүйектің 13-16 аралығында 2003-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен өткен ҚР Чемпионатында «Семей» СА-ның екі оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

42 салмақ дәрежесінде алаңға шыққан Камелов Елдос 2-ші орын, 54 келі салмақта күрескен Темірғали Әмір 3-ші орын алды.

 

 ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

18 сентября 2017 20:30
0
Метки