Өскеменде теннистен Халықаралық турнир өтуде
Өскеменде теннистен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «ITF Junior Ust-Kamenogorsk G 3» халықаралық турниры өтуде. Аталмш сайысқа әр елден келген 64 спортшы қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.
– Сіздерді аймақ басшылығы және дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан осымен 3 рет өткізіліп отырған сайыстың ашылуымен құттықтаймын. Өңірімізде теннис қарқынды дамып келеді. Еліміздің атынан сынға түсетін спортшылардың ішінен болашақта «Үлкен Дулыға» турнирінде сәтті өнер көрсететін спортышылардың шығатынына сенімім мол. Осындай спорт орталығын жас теннисшілерге қолданысқа беріп, аталымыш спорт түрінің дамуына үлес қосып келе жатқан «Казцинк ЖШС-не» үлкен алғысымды білдіремін, –деді басқарма басшысы.
Сайысқа бес команда қатысуда. Атап айтсақ, турнир қожайындары Қазақстан құрамасы, одан бөлек, Ресей, Өзбекстан, Украина, Түркия сынды елдерден жас спортшылар келді. Сайысқа ҚР атынан теннис орталығының шәкірттері, сондай-ақ, ел құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген Татьяна Николенко жарыс жолына шығатын болады.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі