Өскеменде спортты серік еткен жандар назарына жаңадан ашылған Street Workout алаңы берілді. Спорт алаңының ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты.
Өскеменде спортты серік еткен жандар назарына жаңадан ашылған Street Workout алаңы берілді. Спорт алаңының ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты.
Елімізге Street Workout спорты кеш келсе де бірқалыпты даму үстінде. ШҚО-да да соңғы бірер жылда спорттың бұл түрі жақсы қарқын ала бастағаны кездейсоқ емес. Айта кетсек, аймақ басшысы Даниал Аxметовтың тапсырмасымен 2016 жылдан бері бірнеше қалалар мен аудандарда Street Workout алаңдары ашылған.
– Жыл сайын спортпен шұғылданатын жастар саны артып келеді. Қаламызда салауатты өмір салтын ұстанатындар қатарының көбеюі аса маңызды. Спорт алаңының ашылуына арнайы келген қонақтарға алғысымды білдіремін. Көрсеткен өнерлеріңізге тәнті болдым. Осыдан кейін бұл спортқа халықтың қызығушылығы арта түсетініне сенімдімін, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Спорт алаңында қала тұрғындары мен жас спортшылардан бөлек, Астанадан арнайы қонақтар болды. Атап айтсақ, Street Workout бойынша Қазақстан Республикасының бас бапкері Айтым Жақыпов және «Bar Bars» ресми командасындағы спортшылар келді. Іс-шарада осы аталмыш спорт түрі бойынша Елордадан келген спортшылар шеберлік сағатын өткізді. Өскемендік жастардан шеберлік сағатына 60-тан аса жас спортшылар мен еріктілер қатысты. Естеріңізге сала кетейік, жуырда ШҚО-да Street Workout-тан облыстық турнир өтті.Оған өңірдегі бірнеше қалалар мен аудандардан барлығы 16 команда келіп қатысты.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі
Реклама