«Азия Авто» қызметкерлері Президенттік тест тапсырды

Автор: RomaSport

Сенбі күні «Азия Авто» қызметкерлері Президенттік тест тапсырып, дене дайындығы бойынша нормативтерді орындады.

О. Рыпакова атындағы Жеңіл атлетикалық манежде өткен жарысқа 73 қызметкер қатысты.

Тест бағдарламасына сәйкес қызметкерлер жақын қашықтыққа жүгіруден (60 метр), орында тұрып ұзындыққа секіруден, әйелдер пресс жасаудан, ерлер тартылудан сынға түсті. Жарысты төзімділікке жүгіру спорт түрі түйіндеді. Жүгіруден сайысқан жастық топтар: әйелдер - 2 км, орта жастағы ерлер – 3 км, 50 және одан жоғары жастағы ерлер – 2 км.

Қатысушыларға қойылған талап – Президенттік немесе Ұлттық нормативті әртүрлі спорт түрінен орындау. Президенттік деңгейді үш спорт түрінен орындаған қатысушы жыл көлемінде айлық жалақыға 5000 тг мөлшерде қосымша төленетін премияға үміткер болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Президенттік тестті жоғары деңгейде тапсырған Фаустова Ксения аталған премияға ие болды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

18 сентября 2017 20:45
0
Метки