Әйбек Нұғымаров «Әлем барысы - 2017» турнирінің жеңімпазы
Астанада өткен қазақ күресінен «Әлем барысы -2017» турнирі өз соңына жетті. 38 елден 42 палуан қатысқан сайыста шығысқазақстандық Әйбек Нұғымаров жеңіске жетті.
Ақтық бәсекеде грузиялық Гурам Тушишвилимен кездескен Әйбек қарсыласын жеңіп, жеңіске жетті. Үшінші орын да қазақстандық спортшының қанжығасында. Ержан Шынкеев моңғолиялық Серік Бердімұратты ұпай санымен жеңді. Айта кетсек, аталмыш сайыста ел намысын 5 палуан қорғады.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі
9 сентября 2017 02:03
0